Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2020 06:00

Болашаққа байыпты бағдар

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2020 жылдың 12 қыркүйегінде ауылдық жерлердегі балаларға арналған IQanat High School of Burabay Инновациялық мектебі ашылды. IQanat High School of Burabay мектебіне үлгерімі жоғары оқушыларды, IQanat республикалық олимпиадасының финалистерін іріктейді. Мектептің ерекшеліктері - үш тілде оқыту, академиялық білімді, спорт пен өнерді интеграциялау, кәсіби бағдарлау. Білім алушылар қазақстандық және халықаралық жоғары оқу орындарына түсу үшін даярлықтан өтеді. 

IQanat High School of Burabay-да еліміздің барлық облыстарынан ең дарынды 184 оқушы партаға отырды.

Инновациялық мектепте тегін оқу грантын біздің ауданымыздың балалары, 2020 жылғы IQanat олимпиадасының финалистері: М.Горький атындағы №1 Қарабалық орта мектебінен Кропотова Екатерина және Славян мектебінен Дауылбаев Бекзат жеңіп алды.

Екатерина мен Бекзатты қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа білім шыңдарын бағындыруды тілейміз!

Олимпиада жеңімпаздарын дайындаған №1 Қарабалық орта мектебі мен Славян мектебінің ұстаздарына алғысымызды білдіреміз.

Оқылды 19 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « "Мың бала" ұлттық олимпиадасы «Абай оқулары». »

Bizdiń baılanys

Заңды мекенжайы: 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 18
Электрондық пошта адресі: karroo@mail.kz
Анықтама қызметінің телефондары: телефондар: код 8 (71441) 3-31-76, телефон-факс 8 (71441) 3-20-25

Jyldam siltemeler

İzdeý

Статистика

Қолданушылар
2