Жұма, 20 Желтоқсан 2019 04:56

Балалардың ыстық тамағы

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Мектепте болған кезде балалардың ыстық тамағы олардың денсаулығын және тиімді оқыту қабілетін қолдаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Толыққанды және теңгерімді тамақтану аурулардың алдын алуға, жұмыс қабілеттілігі мен үлгерімінің артуына, балалар мен жасөспірімдердің дене және ақыл-ойдың дамуына ықпал етеді, олардың қазіргі өмірге бейімделуіне жағдай жасайды. Аталған міндеттерді орындауға Қазақстанның жалпы білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы жүйесін регламенттейтін негізгі құжат ретінде оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар көзделген. 

Бірыңғай стандарттарға сәйкес білім беру бөлімі ыстық тамақты ұйымдастыру үшін төрт апталық ас мәзірін әзірледі және бекітті. Ас мәзірін әзірлеу кезінде оқушылардың мектепте болу ұзақтығы, олардың жас санаттары қарастырылған.

Ағымдағы 2019-2020 оқу жылында аудан аумағында 32 білім беру ұйымы 2877 (94,9%) оқушыны қамтитын ыстық және буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған.

Әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардың барлық оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған, ол үшін 2019 жылы 7 974,060 теңге бөлінді. 7-10 жастағы балалар үшін тамақтану құны - 260 теңге, 11-14 жастағы балалар үшін - 280 теңге, 15-18 жастағы балалар үшін - 310 теңге.

Оқылды 119 рет

Bizdiń baılanys

Заңды мекенжайы: 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 18
Электрондық пошта адресі: karroo@mail.kz
Анықтама қызметінің телефондары: телефондар: код 8 (71441) 3-31-76, телефон-факс 8 (71441) 3-20-25

Jyldam siltemeler

İzdeý

Статистика

Қолданушылар
2