Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2020 05:54

"Мың бала" ұлттық олимпиадасы

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Елбасының бастамасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Ел Үміті" талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында "Мың бала" жобасын іске асыруда.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезең ағымдағы жылдың ақпан айында сырттай өтіп, еліміздің барлық ауыл мектептерінен 5 және 6 сыныптардың 295 мың оқушысын қамтыды. Нәтижесінде 1685 ауыл мектебінен 5002 қатысушы іріктелді. Олимпиаданың екінші кезеңі 2020 жылғы 21-22 тамызда қатаң карантиндік нормаларды сақтай отырып, 19 Назарбаев Зияткерлік Мектебі мен аудан орталықтарындағы 34 пункт базасында өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз іріктеліп алынды, олардың арасында Қарабалық ауданының білім алушылары да бар. Олар 5 сынып оқушылары Хусаинова Карина (М. Горький атындағы Қарабалық ОМ) және Адылханова Айдана (Белоглинов НМ).
Жеңісіңізбен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға, педагогтар мен ата-аналарға денсаулық, табыс тілейміз!

Оқылды 18 рет

Bizdiń baılanys

Заңды мекенжайы: 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 18
Электрондық пошта адресі: karroo@mail.kz
Анықтама қызметінің телефондары: телефондар: код 8 (71441) 3-31-76, телефон-факс 8 (71441) 3-20-25

Jyldam siltemeler

İzdeý

Статистика

Қолданушылар
2