Дүйсенбі, 20 Қаңтар 2020 09:14

Педагог мәртебесі: Мұғалімдер өзін сенімді сезінеді

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап еңбекті жақсарту, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға ынталандыруды күшейту, кәсіптің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету және педагогикалық білім беруді жаңғырту мақсатында жаңа әлеуметтік кепілдіктерді еліміздің педагогтары, оның ішінде, аудан педагогтары да  алды. 

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңында педагогтың барлық құқықтары нақты белгіленген және мемлекет педагог мәртебесін іске асыру үшін не істеуге міндетті.

Заң жалақыны кезең-кезеңмен арттыруды қарастырады, қаңтардан бастап олар 25 % - ға дейін өседі. Бір базалық жалақы (17 697 теңге) мөлшерінде тәлімгерлік үшін жаңа қосымша ақы енгізілді, лауазымдық жалақыдан 30 - 50 % мөлшерінде Педагогикалық шеберлік үшін қосымша ақы қарастырылған, магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы енгізілді, сынып жетекшілігі және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы 2 есе өсті.

Жаңа енгізілімдер мен олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдерді материалдық көтермелеу. Алғаш рет білім алушылар халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болған педагогтарға үш айлықақы мөлшерінде сыйақы төлеу көзделеді..

Жаңадан енгізілген «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» («Заслуженный учитель Казахстана») атағына ие болған педагогтар 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (2,65 миллион теңге) мөлшерінде төлем алуға құқылы болады. 

Бұл заңда педагогтар үшін ең бастысы - апталық жүктемені 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендету, бұл педагогтың шығармашылық қызметі үшін уақытты ұлғайтуды көздейді. Бұл жүктеме 2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап енгізілетін болады. 

Заң 21 баптан тұрады және педагог құқығы мен әлеуметтік кепілдіктерді қарастырады. Бұл жыл сайынғы барлық педагогикалық қызметкерлердің ақылы еңбек демалысы ұзақтығы 56 күнтізбелік күн, педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда орын беру бірінші кезекте,  бұл аса маңызды.

Заңдағы негізгі сөз – педагог деп есептеймін. Дәл осы ұғым мұғалімнің функционалдық міндеттерін анықтайды, ол немен айналысуы керек, оның жауапкершілік аймағына енбейді. Бірінші кезекте педагогтарды педагогикалық қызметпен байланысты емес басқа жұмыстарды орындауға тартпау туралы сөз болып отыр.  

Педагог оқыту сапасына, баланың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауап береді.

Өкінішке орай, реформаларға байланысты ата - аналар мен мектеп арасында шиеленіскен қатынастар орын алуда. Педагогтердің ар - намысы мен қадір - қасиетіне қол сұғу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Педагогтың ар - намысы мен қадір - қасиетін кемсіту бес айлық есептік көрсеткіш (12 625 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Педагогті оның кәсіби міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту, сондай - ақ лауазымды адамдарға он АЕК (25 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Педагогтің кәсіби қызметіне негізсіз араласқаны немесе педагогтың кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін ескерту немесе үш АЕК (7 575 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Педагогтан ҚР заңнамасында көзделмеген қандай да бір есеп немесе ақпарат нысандарын ұсыну талабы лауазымды тұлғаларға үш АЕК мөлшерінде ескерту немесе айыппұл салуды көздейді. Педагогке өз қаражаты есебінен оқу - тәрбие процесін қамтамасыз ету үшін қандай да бір тауарлық - материалдық құндылықтарды сатып алу міндетін жүктеу, сондай - ақ лауазымды тұлғаларға үш АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осындай жаңашылдықтардың арқасында педагогтың оң имиджі құрылады. Мектеп ата - ана, мұғалім және білім алушы арасындағы диалог алаңы болуы тиіс. Бірақ ата - аналар тарапынан да табысты оқыту мен тәрбиелеу үшін бақылау өте маңызды.

Мен мектеп түлектерін өмір жолын таңдап, ең қажетті, құрметті мамандық – педагог мамандығын таңдауға шақырамын. «Мұғалім! Сенің атыңның алдында бас июге рұқсат ет!»

Оқылды 79 рет

Bizdiń baılanys

Заңды мекенжайы: 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 18
Электрондық пошта адресі:
Анықтама қызметінің телефондары: телефондар: код 8 (71441) 3-31-76, телефон-факс 8 (71441) 3-20-25

Jyldam siltemeler

İzdeý

Статистика

Қолданушылар
2