"Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі "ММ 2019 жылдың желтоқсан айында "Тәуелсіздік - ел тұғыры" мәнерлеп оқу Республикалық (сырттай) балалар байқауының аудандық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың мақтаныш сезімін тудыру, көркем сөз арқылы туған елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Байқауға 23 мектепке дейінгі ұйым қатысты. Сараптау комиссиясы материалдар конкурс ережесімен қарастырылған критерийлерге сәйкестігін бағалады.
Сараптама комиссиясының шешімі негізінде "Тәуелсіздік - ел тұғыры" сырттай мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары анықталды:
I орын – Бермухамбетова Ислана, Қарабалық кенті әкімі аппаратының "Улыбка" балабақшасы КМҚК тәрбиеленушісі;
I орын – Дінмұхаммедқызы Мариям, “Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің М. Сералин атындағы орта мектебі" КММ тәрбиеленушісі;
II орын – Пиршук Мария, “Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Новострой орта мектебі" ММ тәрбиеленушісі;
II орын – Желтова Ирина, “Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің Есенкөл орта мектебі" ММ тәрбиеленушісі;
III орын – Савченко Зара, “Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің Новотроицк орта мектебі" ММ тәрбиеленушісі;
III орын – Галимжанов Мирас, "Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Белоглин негізгі мектебі" ММ тәрбиеленушісі.
Аудандық кезеңде жеңген мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыстары облыстық кезеңге жіберілді.
"Тәуелсіздік - ел тұғыры" мәнерлеп оқу сырттай конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша “Қарабалық кенті әкімі аппаратының "Улыбка" бөбекжай-бақшасы” КМҚК тәрбиеленушісі Ислана Бермухамбетова І орынды иеленді.