2019 жылдың 25 қаңтарында Новостройка орта мектебінің базасында білім бөлімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс – шаралар жоспарына сәйкес өскелең ұрпақтың бойында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, сенімді және табысты мінез - құлық стратегиясын қалыптастыру, «Мамандық таңдау» жобасы аясында оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында «Мамандық таңдау» атты шеберлік - сыныбы өткізілді. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ғана емес, сонымен қатар орта және негізгі мектептердің 4 және 11 сынып оқушылары да қатысты.
Әр топта өз бағдарламасы болды: директор орынбасарлары кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша мектеп жүйесімен, оны ұйымдастыру формалары мен әдістерімен, «Мамандық таңдау» шеберлік - сыныбы шеңберінде білім беру ортасын кеңейту алгоритмімен танысты»; 4 сынып оқушылары сюжеттік – рөлдік ойындар мен квест, еңбек биржаларының қатысушылары болды, мамандықтардың мульткалейдоскопы көрді; түлектер кәсіптік диагностика және мамандыққа алғашқы түсу кезеңінен өтті (әр түрлі нысандарда болды).
Іс - шараның соңында 11 сынып оқушылары мен педагогтарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті, олар өз ойларын мамандықты таңдауға ұсынды, «Мамандық таңдау» алған әсерлерімен бөлісті, шеберлік - сыныбы ұсынымдарына ұсыныстар енгізді.
Шеберлік – сыныбында кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша мектеп әкімшілігіне де, сондай - ақ мамандық таңдауда білім беру бағытын құру үшін білім алушыларға да көмек көрсетуге тиіс.