Қазақстанда ҰБТ өткізу ережесіне өзгерістер енгізілді
Диета дружбы
Новые шаблоны для джумла

Main Menu

ЖАҢАЛЫҚТАР
29
Қаң

Қазақстанда ҰБТ өткізу ережесіне өзгерістер енгізілді

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҰБТ) - жоғары оқу орындарына түсу үшін іріктеу емтихандарының бір түрі.

Ең бастысы-ҰБТ форматы бұрынғыша қалады, форматы бойынша өзгерістер жоқ. Пәндер саны-бес, тест тапсырмалары - 120, баллдардың ең көп саны-140 өзгеріссіз.

Талапкер дәстүрлі түрде үш міндетті пәнді тапсырады:

- Қазақстан тарихы,

- математикалық сауаттылық,

- оқу сауаттылығы.

Екі бейіндік пәндері мамандыққа сәйкес таңдалады.

2019 жылдың қаңтарынан бастап ҰБТ жылына төрт рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында.

Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеуге қатысу арқылы оқуға түсуші ЖОО-ның ақылы бөліміне құжат тапсыра алады. Қаңтарда шекті балын жинаған тестке қатысушы ҰБТ сертификатымен ЖОО-ға тек коммерциялық негізде оқуға түсе алады. 

Осы үш тестілеудің қорытындысы бойынша басқа үлгідегі сертификаттар беріледі және олар мемлекеттік білім беру гранттар  алуға жарамсыз.

Егер талапкер мемлекеттік грант алғысы келсе, онда оған міндетті түрде маусымдық ҰБТ тапсыру керек, тек оның қорытындысы бойынша ол грант конкурсына қатыса алады және жоғары балл алған жағдайда бюджет есебінен білім алады.

Ақылы бөлімге түсу үшін талапкерлер төрт ҰБТ-ның біріне қатысып, шекті балл жинай алады.

ҰБТ өткізу құны-2242 теңге.

        ҰБТ-ға қатысу үшін орта білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары келесі құжаттарды ҰБТӨП-ке тапсырады:

жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған, № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш; 3x4 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (бұл ретте он алты жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады); тестілеуге қатысқаны үшін ақы төленгені туралы түбіртек; өзі оқитын орта білім беру ұйымынан анықтама.

Наурыз айында ҰБТ-ға 138 түлектің 84-і қатыспақ, бұл 11 сынып оқушыларының жалпы санынан 60,9% құрайды.

Біздің ойымызша, Бірыңғай ұлттық тестілеуді бірнеше рет тапсыру мүмкіндігі балалардың психологиялық жағдайына оң әсерін тигізуі тиіс, өйткені олар оны өткізудің тағы бір мүмкіндігіне ие болады.

 

 

Білім бөлімі

Оқылды 66 рет

  • https://termincom.kz/
  • https://tilqazyna.kz
  • https://qujat.kz/
  • https://atau.kz/
  • http://emle.kz/
  • https://sozdikqor.kz/
  • http://tilalemi.kz/
  • https://tilmedia.kz/
  • ҚазЛатын - Латын графикасына негізделген конвертер
  • QazLatyn iOs
  • https://tilqural.kz/ru
  • https://www.qazlatyn.kz/converter/text