Бірге дарындымыз
Диета дружбы
Новые шаблоны для джумла

Main Menu

04
Мам

Бірге дарындымыз

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Бірге дарындымыз

Қарабалық ауданында мектепке дейінгі ұйымдары арасында «Бірге дарындымыз» екінші аудандық отбасылар шығармашылығының Фестивалі өтті, Қарабалық ауданы әкімдігінің әдістемелік кабинеті және білім беру жұмыскерлерінің аудандық кәсіподақ комитеті бірігіп ұйымдастырған.

Фестивальді өткізу мақсаты ортақ қызығушылықтар негізінде отбасылар шығармашылығының дәстүрлерін  анықтау, қолдау және дамыту, отбасылық-туыстық қарым-қатынасты нығайту болып табылды.

Фестивальге 2 жастан бастап 60 жасқа дейін 54 қатысушы, бөбекжай-бақшалардың, шағын орталықтардың, мектепке дейінгі дайындық сыныптарының  тәрбиеленушілері және олардың отбасылары қатысты.

 Фестиваль екі кезеңде өтті, конкурстың «Біз –ең керемет отбасы» сырттай кезеңінің жолдама карточкасында Хасеновтар (Михайлов ОМ), Тороян (Станционный ОМ), Аракелян (Надеждин НМ) отбасылырының презентациясы үздік деп танылды, олар өздерінің отбасылық дәстүрлерін, қызығушылықтарын, ұрпақтар сабақтастығы туралы мәліметтерді ашты.

         Балалар өнер мектебінде өткізілген «Дарындымыз бірге» Фестивалінің іштей кезеңінде ауданның 19 отбасы сахнада өздерінің шығармашылық өнерлерлерін   үш номинацияда  9 отбасы –«Вокал шеберлігі», 6 отбасы –«Би өнері», 3 отбасы -«Актерлік шеберлік»  көрсетті.

Балалар өнер мектебінің би тобының көңілді биі келген қонақтарды жақсы көңіл күйге жетелеген Фестивальдің ашылуының жарқын сәті болды.

         Концерттің басынан бастап соңына дейін залда жылы, мейірімді көңіл күй болды. Байжановтар (Победа НМ), Тороян (Станционный ОМ), Аракелян (Надеждин НМ), Мазанко («Қарлығаш» б/б) отбасыларының қойылымдары ешкімді бей-жай қалдырмады, олар өздерінің сақталған ұлттық дәстүрлерімен, әдемі костюмдерімен, көңілді билерімен көрермендердің жүректерін жаулап алды.

Оспановтар («Айналайын» б/б), Фатеевтер («Улыбка» б/б), Сагитдиновтар                  (№ 1 Қарабалық ОМ), Идрисовтар (Терентьев БМ) отбасыларының қойылымдары еерекше, есте қаларлық болды, олар өздерінің сүйікті әндерін, билерін орындады.

         Өздерінің вокалдық шығармаларын орындаған Абатотавтар (Смирнов ОМ), Утешовтар (№ 2 Қарабалық ОМ) отбасыларынан көрермендер үлкен толқыныста болды.

          «Вокал шеберлігі» номинациясында Сейткалиевтер  отбасы (Боскөл ОМ), «Би өнері» номинациясында Тороян отбасы (Станционный ОМ), «Актерлік шеберлік» номинациясында Нысановтар отбасы (Бөрлі ОМ) Фестивальдің жеңімпаздары болып табылды.

         Фестиваль ұйымдастырушылары өнер мектебінің тәрбиеленушілері Ангелина Гемукқа, Татьяна Кравцоваға, Александра Нехорошеваны музыкалық номірлері үшін, Шығармашылық Үйінің, «Улыбка», «Айналайын» бөбекжай-бақшаларының ұжымдарын залды безендіргені үшін және фестивальдің барлық қатысушыларын бастамашылықтары, белсенділіктері, шабыттары үшін алғыс білдіреді!

Оқылды 50 рет

Кескіндер галлереясы


  • Click to enlarge image 20180427_105637.jpg
  • Click to enlarge image 20180427_105953.jpg
  • Click to enlarge image 20180427_110631.jpg
  • Click to enlarge image 20180427_114738.jpg
  • Click to enlarge image 20180427_120428.jpg
  • Click to enlarge image 20180427_120921.jpg
  • Click to enlarge image 59b20b20-4484-468b-91da-aa83d33dc952.jpg
  • Click to enlarge image IMG-20180427-WA0018.jpg
  • Click to enlarge image IMG-20180502-WA0003.jpg
  •  
Осы категориядағы басқа материалдар: « Аудандық семинар Лагерь – бұл керемет! »