Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Каленова Қ.Қ. қосымша білім беру педагогтарының портфолиосы презентациясын көрсетті және «Кейс технологиясы- қосымша білім беру педагогтарының жұмысында инновациялық әдістердің бірі» атты топтық жұмыс ұйымдастырды. Қолданбалы көркем өнер және көркем – эстетикалық бағытта педагогтар Гемук О.Н. және Аубакирова Т.М. мастер- класс өткізді.
Педагогтар өздерін балалар орнында сезініп, әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Семинар соңы рефлексия түрінде қорытындалып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.