Дүйсенбі, 20 Қаңтар 2020 09:16

Қайырымдылық жасауға асығыңыз

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Мектепке мұқтаж балаларды әлеуметтік қолдау және дайындау мақсатында жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде 01 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық Акциясы өткізіледі. Бұл Акция 2008 жылдан бастап аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балалары және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін өткізіледі және жақсы дәстүрге айналды. Акция жылына бір рет өткізілді.

Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес акция форматына жаңа өзгерістер енгізілді: енді «Мектепке жол» Акциясы жыл бойы жалғасуда. Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп портал арқылы онлайн көмек көрсету туралы келісімге келді. Енді демеушілер мен меценаттар мұқтаж отбасыларға atamekenim.kz порталда орналастырылған өтінімдер мен тізім бойынша көмек көрсете алады.

Осылайша, мұқтаждарға материалдық көмек көрсету процесі осы Акцияны өткізу кезеңімен шектелмей, жыл бойы жалғасатын болады. Осы Акция аясында алғаш рет «Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» платформасы іске қосылды.

«Менің Атамекенім» порталындағы «Мектепке жол» тұғырнамасы - бұл халықтың әлеуметтік мәселелеріне тез жауап беруге, қаражаттың онлайн түсуін және пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретін ыңғайлы және ашық жүйе. «Мектепке жол» Акциясы аясында тілек білдірушілер білім беру органдары мен ұйымдары арқылы дәстүрлі түрде көмек көрсете алады.

Нәтижесінде бірнеше мәселе шешілуде:

- біріншіден, балаға тек мектеп формасын бір рет сатып алумен ғана емес, сонымен қатар маусымдық (қысқы, жазғы және т. б.) және спорттық киіммен және оқу процесіне қажетті барлық заттармен қамтамасыз етеміз;

- екіншіден, көмекке мұқтаж адамдар мен қайырымдылықтар арасында тікелей байланыс орнатылады;

- үшіншіден, нақты көмекке мұқтаж адамдардың шынайылығын растаймыз және олардың әлеуметтік қажеттіліктерін шешуге көмектесеміз;

- төртіншіден, қаражаттың түсуін онлайн қадағалау және пайдалану мүмкіндігі болады.

Мен барлық адамдарды осы Акцияға қатысуға шақырамын! Ол үшін «www.atamekenim.kz» мекенжай өрісінде теру керек, «Мектепке жол» қойындысын таңдап, ата - аналар «Өтінім беру» қойындысын таңдап, алаңдарды толтырып, демеушілер мен меценаттар үшін - тиісті қойындыларды таңдап, нұсқаулықты орындаңыз. Қалай көмектесуге болады? Онлайн - аударым, банк арқылы төлем, заттарға көмектесу, Аяз Ата болғым келеді.

Қайырымдылық жасауға асығыңыз!

Оқылды 15 рет