Сәрсенбі, 11 Қараша 2020 04:20

Шығармашылықтың шағын елі

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің педагогтеріне балаларға экологиялық сананы сіңіру, мәдениетті, тұрмыстық тазалық пен гигиенаны дамыту, сондай-ақ Қазақстан табиғатын қорғаудың ерекше маңыздылығын түсіну қажеттілігі туралы үндеуі аясында 2020 жылдың 19-21 қазанында 1-6 сынып оқушылары үшін "DARYN ECOART" Республикалық сурет және көркем қолөнер байқауы өткізілді.

Байқау екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:

- туған өлкенің табиғаты мен пейзажы тақырыбына үздік сурет байқауы (бес суреттен тұратын серия);

- қайта өңделген материалдардан, қалдықтардан жасалған үздік көркем қолөнер байқауы.

 

Новотроицк орта мектебінің 3-сынып оқушысы Жанашев Санжар (мұғалімі Дюсенбаев Кенжебай Кабаевич) байқауға "Пейзаж" номинациясы бойынша суреттер сериясын ұсынып, 2-орынға ие болды.

"Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің балалар шығармашылығы үйі" КММ сәндік-қолданбалы үйірмесінің тәрбиеленушісі Ковальчук Валерия (мұғалімі Безрукова Оксана Геннадьевна) "Күзгі  мотив" қағаз бұйымын көрсетті және 3-орын алды.

Абай Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінің 6-сынып оқушысы Галеева Вероника (мұғалімі  Ярошенко Ольга Петровна) "Күзгі құс"атты  табиғи материалдан қолөнер жасап, 3-орын алды.

         Барлық жұмыстар өте қызықты, әсерлі болды! Балаларды, ата-аналарды және педагогтарды жеңісімен құттықтаймыз! Денсаулық, шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Оқылды 19 рет

Bizdiń baılanys

Заңды мекенжайы: 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 18
Электрондық пошта адресі: karroo@mail.kz
Анықтама қызметінің телефондары: телефондар: код 8 (71441) 3-31-76, телефон-факс 8 (71441) 3-20-25

Jyldam siltemeler

İzdeý

Статистика

Қолданушылар
2