Мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлер үшін

Қос. . Жарияланды БІЛІМ БӨЛІМІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне өзгерістер енгізілді. Қазақстан Респуликасының заңңнамасын білу бойынша өзгерістер тестілеу тестілеудің бағдарламасына қатысты атап айтқанда барлық санаттар үшін «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»Конституциялық заңының орнына «Мемлекетік көрсетілетін қызметтер туралы» заңының білуге арналған тестісімен өзгертілген. Сонымен бірге, аудандық дәрежедегі бас және жетекші маман лауазымына орналасуға (орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің бас мамандарынан басқа) және селолық округтер әкімдігі аппаратына заңаманың 8 нормативтік құқықтық актісінен 6-ға дейін қысқартылды. Тест сұрақтарының 120-дан 90-ға дейін өзгергеніне қарамастан (көрсетілген санаттағы лауазымдар үшін) осы бағдарлама үшін тестілеудің уақыты бұрынғысыеша 100 минут болып қалды.  

Сонымен үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап «Б» корпусының мемлекеттік әімшілік қызметінің санаттарына тестілеу үміткерлердің таңдаған бағдарламасының үшеуінің біреуі бойынша жүргізілетін болады:    

1)бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» 
(15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
(15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Логикалық тестілеумен мемлекеттік тілді білуі бойынша тестілеу бойынша шекті мәні қойылмайды.

Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналган тестілеу бойынша нормативтік құқықтық актілердің 15 жауаптан 10-нан кем емесін құрайтын болады, ал басқа бағдарламалар бойынша нормативтік құқықтық актілердің 15 мүмкін жауаптан 8 кем болмауы керек.

Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап тестілеуге қатысуға өтініш тапсыру тәртібі өзгереді. Енді, тестілеуге қатысу үшін, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеуге үміткерлерге еңбек өтілін және білімі растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынудың қажеттілгі жоқ. Тек қана өтінішті «электронды үкімет» (www.egov.kz). веб-порталы арқылы on-line режимінде тапсыруға болады. Сонымен бірге халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе өкілетті органның аймақтық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы Қызмет алу үшін (http://egovtest.nitec.kz) қолданушыға электронды-цифрлы қолы болуы тиіс (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе уақытша тіркеу жасауына болады.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілуінің нәтижесі болып тестілеуден өтудің күні, уақыты және болатын жері көрсетілген қолхаты болып табылады, оны Өтініш беруші тестілеуден өтерде Департамент қызметшісіне көрсетуі керек.

Қосымша ақпаратты халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе Департаменттің 8 (7142) 500427, 501144 телефондары арқылы, сондай-ақ Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34, № 507, 505 кабинетінен алуға болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

  • Акорда (RU)
  • Официальный сайт акимата Карабалыкского района
  • стретегия 2050
  • Учительская плюс
  • Адилет
  • http://egov.kz
  • http://bnews.kz
  • http://ortcom.kz
  • http://www.elim-ai.kz
  • http://www.baq.kz
  • https://expo2017astana.com
  • http://soyle.kz