Білім беру бөлімінде әр сәрсенбі сайын өткен аптада еліміздің, облыстың және ауданның жаңалықтарын шолумен және жақын арада бізді күтетін оқиғалармен, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен танысу игі дәстүрге айналды.
Бүгін аудандық жоспар аясында бөлім қызметкерлері мемлекеттік тілді насихаттау бойынша ақпараттық стендтің мазмұнымен, «Абайды бірге оқиық!» айдарымен танысты.
Апта бойы бөлім қызметкерлері Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін жаттайды, челлендж аудан мектептеріне беріледі.
Жаңа идеялар, креативтілік, логика және шығармашылық - бұл заманауи адамды біріктіруі тиіс. Сұранысқа ие және жоғары ақы төленетін маман болу үшін білімді болу керек. Білім - жарқын болашаққа жол.