Жексенбі, 29 Қараша 2020 06:47

Біздің жетістіктеріміз.

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында 2020 жылдың қазан-қараша айларында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық маусым олимпиадалары, шығармашылық жобалар конкурстары өткізілді. Қорытындысы шығарылды.

А. Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінің 9-сынып оқушысы Құрманаева Даяна Республикада география пәнінен 1-орын алды! Физика пәні бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде 7-сынып оқушысы Муртазина Даяна (М.Сералин атындағы Қарабалық орта мектебі) 1-орын, сегізінші сынып оқушысы Рябец Олена (А. Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебі) 3-орын алды. Досанов Диас - А.Құнанбаев атындағы Қарабалық ОМ 5-сынып оқушысы математика пәні бойынша 3-орын алды. Биология бойынша 3-орын Галеева Диана (А.Құнанбаев атындағы Қарабалық ОМ) және Денисенко Яна (Бозкөл ОМ).

         ЖМЦ пәндері бойынша Президенттік олимпиадаға А.Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінің 11-сынып оқушысы Рогозин Максим қатысты. Нәтижелері бойынша ол республикалық кезеңге қатысу үшін олимпиаданың облыстық іріктеу кезеңіне өтті.

         Роботехника бойынша "Зерде" балалар зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар республикалық конкурсының облыстық кезеңінде М.Сералин атындағы ОМ 3-сынып оқушысы Қайыржан Қайсар 3-орын алды.

           Құттықтаймыз! Денсаулық және одан әрі табыстар, жетістіктер тілейміз!

Оқылды 14 рет

Bizdiń baılanys

Заңды мекенжайы: 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 18
Электрондық пошта адресі:
Анықтама қызметінің телефондары: телефондар: код 8 (71441) 3-31-76, телефон-факс 8 (71441) 3-20-25

Jyldam siltemeler

İzdeý

Статистика

Қолданушылар
2