2020 жылдың 17 қыркүйегінде ауданның 4 мектебінде қашықтықтан оқыту форматымен «Балаға қашықтықтан оқыту кезінде қалай көмектесуге болады?» қашықтықтан оқыту кезінде көмек көрсету мақсатында сыныптар бөлінісінде жалпы мектептік ата - аналар жиналысы өтті. Жиналыстар ZOOM арқылы ата - аналарға ыңғайлы уақытта өткізілді. Жиналыс өткізілгенге дейін ата - аналар мен балалардың назарына барлық ақпарат, ұсыныстар, буклеттер жеткізілді.
Жиналыс шеңберінде ата - аналар оқыту жүргізілетін білім беру платформасымен, бағалау жүйесімен, тапсырмалар көлемімен қайтадан танысуға мүмкіндік алды. Сынып жетекшілері оқушы режимін, қауіпсіз интернетті ұйымдастырудың негізгі ережелерін егжей - тегжейлі түсіндірді.
Жиналысқа барлығы 775 ата - ана қатысты, бұл ата-аналар қоғамдастығының жалпы контингентінің 72 % - ын құрайды. Объективті себептер бойынша қатыса алмаған қалған 302 ата - анаға ақпарат жеке тәртіппен жеткізіледі.