Оқушыларды басқа ұлттардың мәдениеті мен тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында, тілдер күнін мерекелеу аясында 04-11 қыркүйек аралығында ауданның барлық мектептерінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған және өткізілді.
Барлық сыныптарда қашықтық форматында «Тілдер бірлігі - Қазақстан халқының бірлігі негізі» сынып сағаттары, бастауыш сынып оқушылары арасында «Қазақстан - 100 тіл ғаламшары» суреттер конкурсы, жоғары сынып оқушылары үшін «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» шығармалар конкурсы, білім алушылар мен педагогтар үшін «Сенімен мақтанамын, менің Қазақстаным!» интеллектуалды ойын.
Тілдер күніне арналған бірқатар іс - шараларды «Халық даналығының қоймасы - мақал-мәтелдер» ойын бағдарламасы аяқтады және әр мектеп қатысушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.
Қазақстан халықтарының Тілдер апталығы аяқталды. Қазақстан - біз қай тілде сөйлесек те - ортақ үйіміз. Бұл туралы ұмытпау керек. Пандемияға байланысты елдегі қалыптасқан жағдайға қарамастан, аудан мектептерінің педагогикалық ұжымдары бұл міндетті жүзеге асыруға тырысуда.