Қазақтың ұлы ақыны, композитор, ағартушы және ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы "Абай оқулары" әдеби эстафетасы аяқталды.
"Абай оқуларының" облыстық кезеңіне М. Сералин атындағы Қарабалық орта мектебінің оқушылары, ұстазы Абдрахманова Майра Ахметбековнамен бірге қатысты.
Серікова Аяжан (9 сынып) "Ұлылар әлемі" номинациясында 3 орын, ал Өмірзақова Алтынай (8 сынып) "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясында 2 орын алды. Қыздар байқаудың республикалық кезеңіне де қатысты.