Жас курсанттар екі күн бойы нақты әрекет етуші шекара әскері бөлімдерімен қоян – қолтық араласа отырып, жаттығуларға қатысты. Барлығы да нағыз жауынгерлер – шекара қорғаушыларындай болды. Екі тәулікке мектеп әскери бөлімге айналды. Шекара бекетінің жеке құрамы және мектеп қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған тактикалық алаң өз көрінісімен таң қалдырды: барлығы да кәсіби дайындалды, әскери оқулар өтетін армия полигоны құдды орнағандай болды. Штаб, бақылау пункті, окоптар, ату линиясы мен бөлімдері, көлік тоқтайтын жерлер – бәрі де әскери жағдайда болды.
«Бөлімге» келген соң, жеке құрам орналастырылып, бөлім бойынша кезекшілер қызметі ұйымдастырылды, күзет қойылып, сақшылар белгіленді. Осындай жағдайда, тәрбие және әскери оқу жұмыстары біртұтас біріктірілді.
Бірінші күні барлық жоспарланған іс – шаралар пысықталды. Кешке – әскери бөлімдер. Киімдері де сақадай болды.
Жас шекарашылардың тамақтануы да, қалыптағыдай, үш рет және үздік деңгейде болды.
Жас курсанттардың жағдайға бейімделулері, қатаң күн тәртібіне, әскери бөлім міндеттерін орындауға, тәуліктің кез - келген уақытында,ауа райына қарамастан жақсы өтті, себебі жеке құрамның тең жартысы осындай іс – шараларға бұрыннан қатысқан болатұғын.
Осындай, күнделікті өмірден көп айырмашылығы бар жағдайларда болу үнемі өзіңді бақылаудан басталады, бар туындаған мәселелерді шешуіңді талап етеді. Бұдан басқа, тәжірибе сынақтарының басым бөлігін қысқа уақытта меңгеріп, орындауға тура келді. Бірақ, барлығы да тас – тұйнақтай өтті, әрине, бұл жерде «Аят» шекара бекетінің бастығының орынбасары лейтенант Ерболат Манапов пен Есенкөл орта мектебінің АӘД оқытушысы Николай Желтовтың жоғары кәсіби шеберліктері арқасында үздік деңгейде өтті.
Тактикалық алаңда жаттығулар нағыз «майдандағыдай» болды. АК - 74 от қаруымен атыс нормативі өткізілді, одан кейін пневматикалық винтовкадан есептік атыстар, жатыс қалпында окоптан ату өтті. Отанымыздың жас қорғаушылары түрлі командаларды тәжірибеде сынап көрді, радиациялық – химия – биология қорғанысы нормативтерін көздерімен көрді, саналарына тоқыды, орындады.
Жүгіру, еңбектеу, шартты қарсыласты жарықшақ гранаталармен жою, «Уралап» алға жүгіру – бәрі де өтілді. Бірақ бұнымен де біткен жоқ – курсанттар армия керуеттерін жинастыруды, шұлғау орануды, із кесуге де оқыды.
Шекара бұзушының ізін кесуде жас жауынгерлер жақсы дайындықтарын, тапқырлықтарын, бақылағыштықтарын танытты. Барлық заттай айғақтар взвод командирлерімен рация арқылы Оқу – жаттығу басшысының бақылау бекетіне берілді.
Жаттығудың екінші күнінде ауа райы қолайсыздығынан барлық жоспарлы іс орындала қоймады, сонда да оқу қызығына кенелген балалар үйлеріне бірден қайта қоймады. Олардың мына нәрсені ұққандары анық: «Шекара әскері тұрғанда орындалмайтын міндет жоқ!»
Оқу – жаттығуға қатысқан курсанттарға атаулы даталарға, соның ішінде, Балалар ұйымдары күніне арналған концерт қойылды. Ән мен күй, би, жылы тілектер, алғыс сөздер – Есенкөл орта мектебінің оқушылары мен педагогтары атынан шын жүректен жүрек жарып шықты.
Білім бөлімі «Аят» шекара тобының шекара бекетінің барлық жеке құрамына және аға лейтенант Назымбек Бихановқа, тәрбие жұмыс бойынша орынбасары Ерболат Манаповқа, АӘД оқытушысы Николай Желтовқа, Есенкөл орта мектебінің директоры Светлана Ивановна Савинаға, Василий Макшановқа, Ольга Шаповаловаға, мектептің ұжымына осындай жоғары деңгейде дала оқуларын өткізгендіктері үшін және де аудан мектептерінің АӘД оқытушыларына, бұдан бөлек шығармашылық жағдай тудырған Евгений Беляевке алғысын білдіреді.