2019 жылдың 19 сәуірінде Бөрлі орта мектебінде «Физика сабақтарында жаңартылған мазмұнды бағдарлама аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбымен физика мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Мемлекеттік тілде оқытылатын 8-сыныпта Оспанова Алия Ахметбековна «Сфералық айналар» тақырыбымен сабақ өткізді. Сутеева Айгүл Азирхановна «Энергияны айналдыру мен сақтау заңы» тақырыбымен үштілділік элементтерін қолданада отырып, сабақ көрсетті. Қатысушылар сабақтардың өткізілуіне жоғары баға берді. Заманауи физика сабағы-қоршаған орта жөніндегі білімдерін қалыптастырудың негізі.