Бала мектеп демалысынан не күтеді? Бәрінен бұрын, жақсы демалысты, жарқын әсерлерді және ұмтылмас оқиғаларды. Үлкендердің бұл мәселеде міндеті –балаларымыздың үмітін ақтау.
Балалар сауықтыру лагері –балалар демалысын түрі, ол үнемі танымалдылыққа ие. Әр жастағы балаларға балалар лагеріне жолдама –бұл дербестікті таныту, құзыреттілігін дамыту мүмкіндігі. Бар әлемде балалар лагерлері дәстүрлі түрде табиғат аясында, орманды жерлерде ұйымдастырылды. Қарабалық ауданының «Достық» балалар сауықтыру лагері Гурьянов а. Тоғызақ өзенінің жағасында орналасқан.
Лагерь қызметінің түрі –инновациялы, біз жаңаша жұмыс істеуге тырысамыз. Ауысымна ауысымға дейін жетекшілердің және балалар қозғалысының көшбасшылары ұшқыр оймен жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жаңа іс-шаралар, ойындар, ойын-сауықтарды ұйымдастырады және оларды өткізеді. Осы жылы лагерьдің бар қызметі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Астана қаласының -20 жылдығын іске асыру қамқорлығымен өткізіледі.
Әр ауысымның өз тақырыбы бар: 1 ауысым - патриоттық, 2 - шығармашылық, 3 – экологиялық-өлкетанушылық.
Осылай, лагерімізідің демалысының және сауықтыруының бағдарламасы әзірленген, сондықтан бала әрқашан қызығушылықтарына және талаптарына сәйкес бос емес. Бірақ, объективті себептерге (ауа-райына) байланысты лагерь қызметінің мерзімі өзгертілді.
Міне, ақыры, ауа-райы ашылды, 2018 жылғы 20 маусым күні лагерьге орналасуы, балалар лагерінің ресми ашылуы – 22 маусымда болды.
Бағдарламада жетекшілерді салтанатты ант қабылдаулары болды, оларға ата-аналар байлықтары -өз балаларын сеніп тапсырды, және жетекшілер дәртүрлі әндерін, белсенді және шығармашыл балалар әндерін айтып билерін биледі.
Біздерге ересектерге керегі бар болғаны балалардың көңілді дауыстары, жүздеріндегі бақытты күлкілері!
Білім бөлімі қолдау көрсеткен барлық мұғалімдерге, аудан мектептерінің техникалық жұмысшыларына, ауылдық округтің әкімдеріне, Владимир Книгаға, Татьяна Салминаға, Самат Шалдебаевқа, Асқар Иманбаевқа, білім бөлімі саласының көлік жүргізушілеріне, балалардың өміріне, денсаулығына алаңдайтын мейірімді жандарға алғысымызды білдіреді
Алтынбек Омаровқа –ерекше алғымызды білдіреміз, оның рухани жомартығы корпустарда үйдегі жайлылықты жасады.