«Дайын бол!» әскери – спорттық «Зарница» ойыны.
Диета дружбы
Новые шаблоны для джумла

Main Menu

  • Не проходи мимо KAZ
  • Открытое правительство (kaz)
03
Нау

«Дайын бол!» әскери – спорттық «Зарница» ойыны.

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Дайын бол!» әскери – спорттық «Зарница» ойыны.

Кеңес Одағының және Батыстың қырғи-қабақ соғысы рухында қарсы тұру барысында сол жылдардың өзінде оқушылардың әскери-патриоттық жоспардағы тәрбие жұмысы қарқынды жүргізілді.

Балалардың ұнатқан нысандарының бірі ойын болды, атап айтқанда  осы күндері де өзінің мәнін жоғалтпаған «Зарница» ойыны.

Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілікті, Отанды қорғауға даярлықтарын тәрбиелеу мақсатында «Қарабалық» комендатурасы және Надеждин НМ базасында 2018 жылғы 24 ақпанда «Зарница» аудандық әскери-спорттық ойыны өткізілді, онда ауданның алты негізгі мектебінің командалары қатысты.

«Зарница» дәстүрлі түрде, барлық іс-шаралар сияқты «Қарабалық» комендатурасының плацында жалпы сапқа тұрудан басталды. Одан әрі қарай балаларға қызметтік-әскери қызметпен танысу мақсатында экскурсия ұсынылды. Ұлдар және қыздар әскреи бронетранспортерды, әскери техникаға араналған бокстарды, шекараны күзетуге шығу кезінде қаруды тазартатын орынды көрді. Лейтенанттар Бауыржан және Берік балаларға арнап комендатурада интерактивтік алаңдардың жұмысын ұйымдастырды.

Одан әрі –Надеждин мектебінің кішкентай қонақтарымен мазмұнды шағын концерт болды.

Үлкен командалар майор Ержан Базарбаевқа дайындық туралы бұйрық және тапсырмалар алды.  Осы жерде барлықтарының алдына жауынгерлік міндет  қойылды, ойынның ережелері және төрешінің шарттары айтылды. Командалар тапсырмаларды орындауға бағыт парағын қолдана отырып алға жылжыды.

Әр команда белгіленген бағытқа сәйкес әр кезеңнің тапсырмаларын нақты орындап жылжыды: минасыздандыру, қару-жарақпен жәшікті жеткізу, нысаналар бойынша ату, ұрыс алаңындағы қозғалыс, гранаталармен ату нүктелерін басып алу. Кейбір міндеттер әр қайсысына жеке қойылды, басқалар команданың барлық мүшелерінің қатысуын талап етті. Бұл көбісіне бірінші рет болды: қысқы тактикалық алаң, аяз.

Және қызу қанды, шаршаған, бірақ риза балалар. Жақсы нәтиже көрсетпегендердің өздері де қуаныштан жүздері бал-бұл жанып тұрды. Мұндай сезімді бастан кешу керек!

Ойын аяқталғаннан кейін тонып қалған біздерді дәмді түскі аспен, ыстық шай және ойын нәтижесі күтіп тұрды.

Түскі астан кейін шағын мектеп мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, мұражайда балалар мектеп, ауыл, щебень зауытының тарихымен танысты.

Ұсынылған экспонаттар балалармен және педагогтармен ауыл тұрғындарымен бірігіп жиналған.

Тек қана қатысушылардың ойыннан ойынға шеберлігі тіркелмеді, сондай-ақ іс-шараларды ұйымдастырушылардың ойындары. «Зарница» адамның тұлғалық қасиеттеріне, кәсібилігіне, қызығушылығына байланысты екенін дәлелдеді. 

Білім бөлімі надеждин НМ директоры Амангельды Ансаганович Нуркинге және мектептің барлық ұжымына және ойынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс білдіреді.

Осы іс-шараны өткізген дене шынықтыру пәнінің  мұғалімі Дутбаев Қайрат үлкен толқуда және өте қуанышты.

Бізбен түсіністікпен ынтымақтастық байланыста болған комендант майор   Артур Оспанбаевқа, кәсібиліктері, көңіл бөлгендері үшін комендант орынбасары майор Ержан Базарбаевқа, лейтенант Бауыржан Сарсенбаевқа және Берик Упбаевқа   ерекше алғысымызды білдіреміз.

Бұл кездесу балалардың ұзақ уақыт естерінде қалады: жаңа таныстықтар, ортақ қызығушылықтар, достықтар. Ең бастысы –бұл өзінді керек адам ретінде, Отанының азаматы деп сезіну.

 

Мақала аудандық «Айна» газетінің 2018 жылғы01 наурызындағы №89 басылымында жарық көреді.

Оқылды 390 рет

Кескіндер галлереясы


  • Click to enlarge image IMG_0233.jpg
  • Click to enlarge image IMG_0264.jpg
  • Click to enlarge image IMG_0293.jpg
  • Click to enlarge image IMG_0296.jpg
  • Click to enlarge image IMG_0298.jpg
  • Click to enlarge image IMG_0318.jpg
  • Click to enlarge image IMG_20180224_131052.jpg
  •