«Отан неден басталады»
Диета дружбы
Новые шаблоны для джумла

Main Menu

03
Нау

«Отан неден басталады»

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«Отан неден басталады»

(«Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде

«Қарабалық» ҚР ХҚК ШҚ 2031 ә/б шекарашылар комендатурасымен бірлесіп өткізілген аудандық «Сұнқар»

әскери – спорттық ойынын өткізу туралы мақала»

 Үлкен Еуразия континентінің ортасында орналасқан ел – біздің еліміз Қазақстан Республикасы. Осы жерлерге орналасу үшін, оны жаулардан қорғау үшін біздің ата – бабаларымызға көп уақыт керек болды.

Отан неден басталады? Шекарадан. Өзінің рәміздері мен нақты сызылған шекарасы бар кез келген мемлекет тәуелсіз деп саналады. Қарабалық ауданы – шекаралас. Сондықтан «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген іс – шара «Қарабалық» шекара комендатурасымен бірлесіп, шекаралас селолық округте орналасқан Михайловка орта мектебінде өткізілді.

03 ақпан 2018 жылы 11 әскери – патриоттық бірлестіктерінің ұл – қыздары  аязды ауа – райына қарамастан роталық қызмет бойынша жарысқа дайын болды.  Ойында 44 курсант, 11 АӘД ұйымдастырушы – оқытушылары, шекара қызметінің өкілдері мен мектеп ұжымы қатысты. Барлығы 100 адамнан артық болды.

Михайловка орта мектебінде «Сұңқар» аудандық әскер – патриоттық ойындарына қатысушыларды жылы жүзбен қарсы алды. Қазақстан рәміздерімен басталған  салтанатты ашылуы, тарих, география, қазақ халқының, ауданда мекен ететін басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті, спорттық ойындар болды.

Әрі қарай әскери – патриоттық бірлестіктерде алған білімдерін әскери жағдайда көрсете білді.Тапсырмалардың орындалуының дәлдігін  бағалау майор Базарбаев Е.М. басқарған судьялық құрам бағалады.

"Атлет" кезеңінде балалар күштерінің  дайындықтарын  белтемірге, бөренелерге тартылуда көрсете білді.

Балалар үшін ең  қызығы «Қару шебері» ойыны болды. Курсанттар Калашникова автоматын тез құру шеберліктерін көрсете алды.

«Қауіпті жер» этапында жеке бас қауіпсіздігі құралдарын уақытқа кию, алғашқы медициналық көмек көрсету, жаралыларды зеңбілмен шығару. 

«Жақсы командир» этапы командалардың орнында, қатарда жүрулерін білулерін көрсетті.

«Мергендер»  этапында курсанттар пневматикалық винтовкадан ату біліктілігін көрсетті.

Курсанттарды алда одан да қызығы күтіп тұрды – ол 150 метрді кедергілер жолағынан өту.

Қысқы тактикалық алаң, аяз, қар. Осының бәрі балалардың өздерін ұстай білулерін, қарлы орға түсу, оны аз уақытта өту, отты нысананы алдын ала граната лақтырып, сосын пневматикалық винтовкамен ату.

Ойынның барлық этаптарында  балалар өздерінің бірліктерін, ұжымдастығын, көмекке келе білулерін, төзімділіктерін, тәртіптерін көрсете білді.

Одан сон мектепте афган соғысынан видеохроника көрсетілді, ән айтылды.

«Қарабалық» шекара комендатурасының орынбасары майор Базарбаев Ержан Маратұлы әскери – патриоотық ойын қорытындысын шығарды, курсанттарды құттықтап, жеңімпаздарға грамоталар мен мадақтамалар табыс етті.

Қиын да қызықты ойын соңында жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын Станционный      ОМ командасында, екінші орын Боскөл ОМ, үшінші орын № 2 Қарабалық ОМ командасында.

Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Қарабалық» шекарашы комендатурасына  бірлесіп өткізген іс –шара ға алғыс білдіреді және біздің отанымыздың болашақ патриоттарын тәрбиелеуге үлестерін қосады деп үміттенеді.

Іс –шараның өткізілуіне мектеп ұжымы мен мектеп директоры Обухова Татьяна Михайловна , ұйымдастырушылар Пимкин Иван мен  Скачкова Светлананың еңбегі зор.

Ауылда мектеп –білім мекемесі ғана емес, ауыл өмірінің дамуының маңызды факторы. Мектеп жақсы болса, ауыл да, отанымыз да жақсы болады.

 

Егер балалар осы іс – шаралардан өзіне бір пайда алса, біз үшін үлкен марапат болмақ.

Мақала аудандық «Айна» газетінің 2018 жылғы 15 ақпанындағы номерінде жарық көреді

Оқылды 126 рет

Кескіндер галлереясы


  • Click to enlarge image 20180203_152253_compressed.jpg
  • Click to enlarge image 20180203_152535_compressed.jpg
  • Click to enlarge image IMG_20180203_122129_compressed.jpg
  • Click to enlarge image WP_20180203_053_compressed.jpg
  •