Қазақстан Республикасының астанасы –Астана қаласының 20 жылдығына арналған оқушылардың және колледж студенттерінің жазғы спартакиадасы аумағында шахматтан және тоғызқұмалақтан облыстық жарыстар
Диета дружбы
Новые шаблоны для джумла

Main Menu

07
Нау

Қазақстан Республикасының астанасы –Астана қаласының 20 жылдығына арналған оқушылардың және колледж студенттерінің жазғы спартакиадасы аумағында шахматтан және тоғызқұмалақтан облыстық жарыстар

Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
Қазақстан Республикасының астанасы –Астана қаласының 20 жылдығына арналған оқушылардың және колледж студенттерінің жазғы спартакиадасы аумағында шахматтан және тоғызқұмалақтан облыстық жарыстар

Қостанай қаласында 2018 жылғы 26 ақпаннан 2018 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының астанасы –Астана қаласының 20 жылдығына арналған оқушылардың және колледж студенттерінің жазғы спартакиадасы аумағында шахматтан және тоғызқұмалақтан облыстық жарыстар өтті. Турнирдің дайындығының және өткізілуінің Жалпы басшылығы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының дене тәрбиесінің Аймақтық орталығымен іске асырылды, жарыстар бұқаралық дене тәрбиесін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау,  оқушы жастарды патриоттық тәрбиелеу, спортшыларды республикалық жарыстарға қатысу үшін облыстың құрама командаларының құрамына дауындау мақсатында өткізілді.

Жарыстарға Қостанай облысының он төрт ауданының және төрт қаласының құрама командалар оқушылары қатысты. Қарабалық ауданынан шахмат бойынша Ново-Троицк орта мектебінің Садыкпаев Алишер, Уразов Жанат, Бокаева Томирис оқушылар командасы қатысты. Команда қажырлы күресте жалпы командалық құрметті бірінші орын алды. Садыкпаев Алишер және Уразов Жанат жеке біріншілікте бірінші орын алды. Тоғызқұмалақ бойынша ауданның құрама командасы үшін                              Максим Горький атындағы № 1 Қарабалық орта мектебінің оқушысы Майдангали Бахтияр, Абай Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінің оқушысы Тыштыкбаева Амина және Мұхамеджан Сералин  атындағы № 3 орта мектептің оқушысы Арғынбай Абдурахим қатысты. Команда қажырлы күресте жалпы командалық құрметті үшінші орын алды. Майдангали Бахтияр жеке біріншілікте жарыстың қола жүлдегері болды. Балаларды Абай Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінің мұғалімі Аманжолов Ерболат Ермекович дайындады.

Оқылды 77 рет