«Қауіпсіз мектеп автобус» Республикандық акцисы

Қосылды .

2017 жылдың 2 қазаны мен 10 қарашасы аралығында «Қауіпсіз мектеп автобус» Республикандық акцисы өткізілуде.  Ұраны «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін». Республикалық акция балалардың, ата-аналардың және қоғамның санасына  жол қозғалысы қауіпсіздігі мен балаларды тасымалдау ережелері туралы еске салуы керек.

Осы акция барысында білім беру ұйымдарында өткізілетін іс – шаралар:

  • Жол ережелерін нақтылау үшін қауіпсіздік техникасы. сабақта ЖЖЕ парақшалар, брошюраларды таратуды ұйымдастыру ұсынылады.
  • Бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында «Ашық болыңыз» сынып сағаттары.
  • Сурет салу байқауы.
    • балалар қозғалысы ережелері мен тасымалдау ережелеріне сәйкес Сауалнама жүргізу, сабақтар, лекциялар, ата-аналар жиналысы және  ата-аналар қауымдастығының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Мектепте мерейтой.

Қосылды .

2017 жылдың 7 қазанында Славян орта мектебінде 50 – жылдық мерейтойы өтті. 200 адамдай  әртүрлі жылдардағы түлектер өздерінің туған мектебіне келді. Жиналғандардың географиясы да әртүрлі: Қазақстан, Ресей, Германия. Білім бөлімінің әдіскері С.Г. Голобородько, Славян ауылдық округының әкімі Е.И. Бисекеев, педагогикалық қызметінің ардагерлері Н.В. Осипова, Д.У. Уразалина, В.А. Гардер  қатысушылардың бәрін атаулы мерекемен құттықтады.   Мектеп бітірушілері мен қонақтар мектепке лазерлік принтер, радиотелефон, шахмат, дойбы, баскетбол және волейбол доптарын сыйлады.

Аудандық мәдениет үйінің әртістерімен мектеп оқушылары және педагогикалық ұжымдық құрамы бірлесіп концерттік бағдарламада өнер көрсетті.   Қатысушыларға қуанышына, естелігіне, шынайы қатысқаны үшін және мектепке деген сүйіспеншіліктері үшін келгендерге алғысымызды білдіреміз.

Қарабалық ауданының білім беру ұйымдарында Білім Күнін өткізу бойынша ақпарат

Қосылды .

Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жылдығына арналған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру және жаңа оқу жылының басталуына орай Қарабалық ауданының 34 білім беру ұйымдарында Білім Күні өтті. Жиынға Қарабалық ауданы әкімдігінің өкілдері, еңбек ардагерлері, ауылдың құрметті тұрғындары қатысты. Қонақтардың сөйлеген сөздері қазіргі заманғы білімді жаңғыртудың келешегіне аударылды. Мемлекет әрқайсы жастардың өздерін жүзеге асыруға, өз дарындарын толық ашуға және Отанның өркендеуіне, туған жеріне, ауылына жетуге мүмкіндік беретін ең озық, терең және жан-жақты білім алуға мүмкіндік береді.

Қарабалық ауданының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі

Қосылды .

2017 жылдың 28 тамызында Қарабалық ауданының білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді. Барлығы 360 адам қатысты.

Құрметті қонақ ретінде аудан әкімі Қ.М. Ғабдулин, әкімнің орынбасары Қ.Б. Мыржақыпов, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кәбинеті басшысының орынбасары А.К. Мухамеджанова, «Өрлеу» АҚ аға оқытушысы Л.В. Климбей қатысты.

Кеңес екі бөліктен құралды: пленарлық және секциялық. Пленарлық кеңес аудандық Мәдениет үйінде сағат 11.00 мен 12.30. аралығында өткізілді

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»

Қосылды .

Жол-көлік жарақаттануының Алдын-алу мақсатында балалар, көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға байланысты, жазғы демалыс қарсаңында мектептерде 2017 жылдың 1 мамыры мен 1 маусымы аралығында денсаулық сақтау, білім беру мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп кең ауқымды «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»Республикандық науқаны жүргізілген.

Осы акция шеңберінде білім беру ұйымдарында конкурстар, лекциялар, тренингтер, жиналыстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікір сайыстар өткізілді.