2019 жылдың 31 қаңтарында "Абай Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінің" 6 "А" сынып оқушысы Танылов Рахымжан география пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Олимпиаданың мақсаты-зияткерлік сайыстарға қатысуға ынталандыру және география бойынша Қостанай облысының Олимпиадалық резервін анықтады. Географиялық олимпиадалардың ерекшелігі - жалпы географиялық мәдениетті, географиялық ойлауды, шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы дарындылықты анықтады. Рахымжан олимпиадада өз білімдерін көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды. Жарайсың Рахымжан!