Конкурстың бірінші сырттай кезеңнің қорытындысы бойынша финалға 6 жоба өтті, олар әртүрлі номинацияларда жеңімпаз болды: «Менің отбасым» -Элана Чугаеваның «Менің атам» жобасы («Айналайын» бөбекжай-бақшасы), «Мен тұратын өлке» -Андроника Марабянаның «Мен білуім керек!» жобасы (Станцион ОМ МДС), «Менің ашуларымның әлемі»-Ева Зелениченконың «Ас атасы -нан» жобасы («Улыбка» бөбекжай-бақшасы), «Біз және табиғат» -Дильназ Ахметованың «Бізді қоршаған орта» жобасы (Надеждин БМ МДС), «Ғадайып жанында» -Елизавета Асхарованың «Герань қандай ғажайып гүл» жобасы (Рыбкин БМ МДС), «Мен -зерттеушімін» -Мария Усенконың «Сабын көпіршіктері» жобасы (Тоғызақ ОМ МДС).
Максим Горький атындағы Қарабалық ОМ тәрбиеленушілері «Наурыз» мерекесінің алдында конкурсқа қатысушыларға шағын концерт тарту етті.
Өткізілген іс-шара мектепке дейінгі баланың интеллектуалдық шығармашылық қабілеттерін ғана дамытпайды, сонымен қатар «Рухни жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың негізгі аспектілерінде қозғайды, өйткені, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» президенттің бағдарламалық мақаласы бойынша негізгі жұмыс –рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және көбейту.