Білім беруде үштілділікті қолданамыз

Қосылды .

№ 2 Қарабалық орта мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәнаралық кіріктірілуі құралы ретінде CLIL әдістемесін қолдану» тақырыбында аудан мектептерінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары болып өтті.

Семинардың мақсаты білім беру мазмұнын жаңартуда мұғалімдердің үш тілде сабақ беру тәжірибесімен, сол мақсатта қолданылатын әдіс-тәсілдермен алмасу.

 

Семинарға аудан мектептерінен келген 80-нен астам мұғалім қатысты. Тарих, география, биология, физика, химия пәндерінің мұғалімдері кіріктірілген сабақтарда тілді қолданудың тиімділігін көрсете білді.

Семинар барысында № 2 Қарабалық ОМ химия пәнінің мұғалімі Кулик Н.М., биология пәнінің мұғалімі Утетлеуова А.А., Новостройка ОМ тарих пәнінің мұғалімі Испамбетов М.К., Бөрлі ОМ география пәнінің мұғалімі Магамбетова А.З., сабақ көрсетсе, физика пәнінің мұғалімі Уразбаева С.О. панарама сабақтарынан үзінді көрді.

Семинарды қорытындылай келе рефлексия өткізілді. Онда мұғалімдер өздерінің ойларымен бөлісіп, сабақ берген мұғалімдерге тілектерін білдірді. Мұғалімдерге ұсыныстар берілді.