«АЛАУ» ойынынын аудандық әскери-спорттық кешенін өткізу

Қосылды .

2017 жылғы 09 желтоқсан  Станционный орта мектебінің базасында «Алау» ойынының аудандық әскери-спорттық кешені өткізілді. Осы іс-шараға 12 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары -66 қатысушы қатысты (осы іс-шараға Станционный орта мектебінен үш команда қатысты). Оқушылар «Алау» ойыны кешенінің жеті сайысынан жарысты.

 «Саптық дайындық» сайысында Станционный орта мектебінің «Бүркіт» ӘПК бірінші орынды, Новострой орта мектебі екінші орынды, үшінші орынды –Станционный орта мектебінің ШЖД отряды алды. Станционный орта мектебінің «Бүркіт» ӘПК «Мерген» сайсының жеңімпазы болды. Екінші және үшінші орынды Боскөл мен Михайлов орта мектептерінің оқушылары алды.

«Орға тигізу» сайысында орындар келесі түрде бөлінді: бірінші орын –Бөрлі орта мектебі, екінші орын –Тоғызақ орта мектебі мен үшінші орын –Боскөл орта мектебі.

 «Жедел жәрдем» сайысында № 2 Қарабалық оқушылары болды, екінші және үшінші орынды № 1 Қарабалық орта мектебі мен Тоғызақ орта мектебінің оқушылары алды.

«Қару білгірі» сайысында орындар келесі түрде бөлінді: № 1 Қарабалық ОМ -1 орын; Михайлов орта мектебі -2 место, Боскөл орта мектебі -3 орын.

Күштілер сайысында жеңісті Станционный орта мектебінің «Бүркіт» ӘПК оқушылары тойлады, екінші орынды Боскөл орта мектебінің командасы мен үшінші орынды Тоғызақ орта мектебінің оқушылары алды.

«Азаматтық қорғаныс» сайысында Тоғызақ орта мектебінің командасы ұтып алды, екінші орынды № 3 Қарабалық орта мектебінің командасы мен үшінщі орынды № 1 Қарабалық орта мектебінің, Михайлов орта мектебі мен  Станционный орта мектебінің «Бүркіт» ӘПК командалары алды.

«Алау» ойынының кешенінің қорытындысы бойынша жалпы командалық орындар келесі түрде бөлінді:

3 орын –Михайлов орта мектебі -76 балл;

2 орын –Тоғызақ орта мектебі -85 балл;

1 орын - Станционный орта мектебінің «Бүркіт» ӘПК -92 балл.