Қарабалық ауданында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның басталуы 2018 жылдың 1 тамызында, ал аяқталуы - 30 қыркүйекте.
Бұл акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мақсатты көмек беру, оқу жылының басталуына дайындық және балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектептерге келмеуіне жол бермеу болып табылады. Бұл акцияның басты мақсаты жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына нақты мақсатты көмек көрсету болып табылады.
Аудандық әкімдікте акцияның ұйымдастыру комитетінің отырысы ұйымдастырылды, онда аз қамтылған балалардың тізімі жасалды, сондай-ақ оларға жауапты ұйымдар да бөдінді. Акцияның басталуы туралы ақпарат аудан әкімі, білім беру бөлімі, БАҚ сайтында орналастырылған. Хаттар жолданды – яғни, мемлекеттік мекемелердің басшыларына, жеке кәсіпкерлерге балаға көмек көрсетуді сұрап өтініш жасалды. Балаларды мектепке дайындау үшін киімдерді қабылдау пунктінің ашылуы туралы қолжазбалар, хабарландырулар жасалды. Ата-аналар қауымдастығымен бірге мемлекеттік мекемелердің өкілдері, педагогикалық ұжымдар, құқық қорғау органдарымен рейдтер мен аула қадағалаулар жүргізілді.