• Русский
  • Қазақша
Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

Аудандық «Үздік педагог» байқауы

on .

Оқушыларды оқытудың жаңа идеясына қалыптастыратын іс-әрекеттік тәсілдерін іс жүзінде іске асыратын шығармашылықпен жұмыс жасайтын, талантты педагогтар мен мұғалімдердің позитивті әлеуметтік және кәсіби имиджін анықтау мақсатында 21 сәуірде аудандық «Үздік педагог» байқауы өткізілді.

 

Сырттай байқаудың қорытындысы бойынша финалға ауданның 5 мұғалімі өтті. Байқаудың қатысушылары «Менің кәсіби таңдауым» визиткаларын ұсынды, шығармашылық жұмысының жүйесін қорғап, бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізді.

Барлық қатысушылар балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде инновациялық тәсілдер мен технологияларды енгізуде кәсібилік және пәнге деген терең жоғары білімдерін көрсетті .

         Аудандық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы болып №1 Қарабалық ОМ  мұғалімі Ю.Ю.Фатеева тағайындалды, №3 Қарабалық ОМ мұғалімі А.Б.Кульжабекова екінші орынға ие болды, Тоғызақ ОМ мұғалімі Л.А. Кропотова үшінші орынға ие болды. «Педагог-новатор» және «Педагогикалық дебют» номинациясымен Ж.Г.Жанабаева (№2 Қарабалық ОМ), Т.В. Рыбалова (Новострой ОМ) мұғалімдері марапатталды.