• Русский
  • Қазақша
Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

Жемқорлық ЖОҚ!

on .

А.ж. 3 наурызында 20 білім беру ұйымдары мен «Адал ұрпақ» клубының қатысуымен мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық ЖОҚ!» флеш-моб ұйымдастырылып өткізілді.

8-9 сынып оқушылары (248 адам) жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен заң пәндері мұғалімдерінің ұйымдастырған «Адал қоғам - күшті мемлекет» жарыссөзінің қатысушылары болды,.

11 сынып түлектері елдің сайлау туралы заңның принциптеріне сәйкес «Егер мен әкім болсам» сахыналы – рөлдік ойынына қатысты.

9 – 10 сынып оқушылары (138 адам) «Біздің таңдауымыз - заңды мемлекеттік» сұхбаттасуға қатысты, сұхбаттасу барысында заң үстемдігінің жұмыс істеуінің негізгі принциптері, әсіресе заң үстемдігін қалыптастыру мәселесін талқылады.

1-4 сынып оқушылары мен «Адал ұрпақ» клубының қатысушылары арасында (436 адам) «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» суреттен байқау өткізілді.

Орыс тілі және әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен 8-9 сынып оқушыларына арналған «Сыбайлас жемқорлық - зұлымдық өнім», 10-11 сынып оқушыларына арналған «Елімнің болашағы менің қолымда болып табылады» тақырыбында эсседен байқау өткізілді.