Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Смирнов орта мектебі» ММ-ның директоры бос лауазымына « Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі конкурс (байқау) жариялайды.

Қосылды .

«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Смирнов орта мектебі» ММ-ның директоры бос лауазымына « Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі конкурс (байқау) жариялайды.

Лауазымдық еңбек ақысы қызмет атқарған  жылдарына байланысты: 97 997 теңгеден 118 791 теңгеге   дейін.

Осы білім ұйымының негізгі қызмет түрлері: мемлекет, қоғам, тұлға үшін тәрбие және білім беруді іске асыру, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін жақсы жағдай құруды, оқушылар өз бетімен білім алу және қосымша білім алуға мұқтаждықтарын қанағаттандыруға мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Заманауи ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік жағынан қорғауын қамтамасыз етеді. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.

Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдайларды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражатының түсуі және жұмсалуы жөніндегі есебін береді.Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық тәртіпті, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдары қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.
      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары  оқу орнынан кейінгі оқу орны (педагогикалық немесе профильдық), білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі                  5 жылдан кем емес немесе басшылық лауазымдарда білім беру ұйымының профильне сәйкес кемінде бес жыле, бірінші немесе жоғары біліктілік санаты болуы тиіс.    

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурс «Орта білім беру мемлекеттік ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру Ережесін бекіту туралы »Қазақстан   Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Байқауға қатысуға жіберілген үміткерлер байқаудан «Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімі» ММ-нде құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде өтеді. 

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. конкурстық комиссия төрағасының атына нақты жерін, тіркеуге тұрған жерін, байланыс телефондарын көрсетіп, белгілеуімен жазылған арыз;

2. жеке тұлғасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

3. білім туралы құжаттардың көшірмесі;

4. еңбек кітапшасының көшірмесі;

5. мамандарды есепке алу бойынша жеке қағаз, 3х4 мөлшеріндегі бір фотосурет;

6. алдыңғы жұмыс орнынан марапаттауларын, алған жазаларын көрсетуімен, өндірістік мінездеме

7. біліктілік санатын немесе ғылыми дәрежесін растайтын құжат көшірмесі;

8. алдын ала өткен медициналық тексеріс туралы құжат;

9. сотталмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа ұсынылған құжаттар көшірмелері жұмыс орнындағы кадр қызметімен немесе нотариады түрде куәландырылып, мұқабаға тігіледі.    

Осы құжаттардың біреуінің жетіспеушілігі, байқауға қатысушының құжаттарын қайтарып беруге негіз бола алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру БАҚ ресми басылымында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуға тиіс: Қарабалық к., Космонавтар көш., 16 үй

Анықтама үшін байланыс  телефон нөмірі: 87144133176. Факс.-32025