Қостанай қаласында 2018 жылғы 26 ақпаннан 2018 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының астанасы –Астана қаласының 20 жылдығына арналған оқушылардың және колледж студенттерінің жазғы спартакиадасы аумағында шахматтан және тоғызқұмалақтан облыстық жарыстар өтті. Турнирдің дайындығының және өткізілуінің Жалпы басшылығы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының дене тәрбиесінің Аймақтық орталығымен іске асырылды, жарыстар бұқаралық дене тәрбиесін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушы жастарды патриоттық тәрбиелеу, спортшыларды республикалық жарыстарға қатысу үшін облыстың құрама командаларының құрамына дауындау мақсатында өткізілді.
Жарыстарға Қостанай облысының он төрт ауданының және төрт қаласының құрама командалар оқушылары қатысты. Қарабалық ауданынан шахмат бойынша Ново-Троицк орта мектебінің Садыкпаев Алишер, Уразов Жанат, Бокаева Томирис оқушылар командасы қатысты. Команда қажырлы күресте жалпы командалық құрметті бірінші орын алды. Садыкпаев Алишер және Уразов Жанат жеке біріншілікте бірінші орын алды. Тоғызқұмалақ бойынша ауданның құрама командасы үшін Максим Горький атындағы № 1 Қарабалық орта мектебінің оқушысы Майдангали Бахтияр, Абай Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінің оқушысы Тыштыкбаева Амина және Мұхамеджан Сералин атындағы № 3 орта мектептің оқушысы Арғынбай Абдурахим қатысты. Команда қажырлы күресте жалпы командалық құрметті үшінші орын алды. Майдангали Бахтияр жеке біріншілікте жарыстың қола жүлдегері болды. Балаларды Абай Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінің мұғалімі Аманжолов Ерболат Ермекович дайындады.
(«Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде
«Қарабалық» ҚР ХҚК ШҚ 2031 ә/б шекарашылар комендатурасымен бірлесіп өткізілген аудандық «Сұнқар»
әскери – спорттық ойынын өткізу туралы мақала»
Үлкен Еуразия континентінің ортасында орналасқан ел – біздің еліміз Қазақстан Республикасы. Осы жерлерге орналасу үшін, оны жаулардан қорғау үшін біздің ата – бабаларымызға көп уақыт керек болды.
Отан неден басталады? Шекарадан. Өзінің рәміздері мен нақты сызылған шекарасы бар кез келген мемлекет тәуелсіз деп саналады. Қарабалық ауданы – шекаралас. Сондықтан «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген іс – шара «Қарабалық» шекара комендатурасымен бірлесіп, шекаралас селолық округте орналасқан Михайловка орта мектебінде өткізілді.
03 ақпан 2018 жылы 11 әскери – патриоттық бірлестіктерінің ұл – қыздары аязды ауа – райына қарамастан роталық қызмет бойынша жарысқа дайын болды. Ойында 44 курсант, 11 АӘД ұйымдастырушы – оқытушылары, шекара қызметінің өкілдері мен мектеп ұжымы қатысты. Барлығы 100 адамнан артық болды.
Михайловка орта мектебінде «Сұңқар» аудандық әскер – патриоттық ойындарына қатысушыларды жылы жүзбен қарсы алды. Қазақстан рәміздерімен басталған салтанатты ашылуы, тарих, география, қазақ халқының, ауданда мекен ететін басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті, спорттық ойындар болды.
Әрі қарай әскери – патриоттық бірлестіктерде алған білімдерін әскери жағдайда көрсете білді.Тапсырмалардың орындалуының дәлдігін бағалау майор Базарбаев Е.М. басқарған судьялық құрам бағалады.
"Атлет" кезеңінде балалар күштерінің дайындықтарын белтемірге, бөренелерге тартылуда көрсете білді.
Балалар үшін ең қызығы «Қару шебері» ойыны болды. Курсанттар Калашникова автоматын тез құру шеберліктерін көрсете алды.
«Қауіпті жер» этапында жеке бас қауіпсіздігі құралдарын уақытқа кию, алғашқы медициналық көмек көрсету, жаралыларды зеңбілмен шығару.
«Жақсы командир» этапы командалардың орнында, қатарда жүрулерін білулерін көрсетті.
«Мергендер» этапында курсанттар пневматикалық винтовкадан ату біліктілігін көрсетті.
Курсанттарды алда одан да қызығы күтіп тұрды – ол 150 метрді кедергілер жолағынан өту.
Қысқы тактикалық алаң, аяз, қар. Осының бәрі балалардың өздерін ұстай білулерін, қарлы орға түсу, оны аз уақытта өту, отты нысананы алдын ала граната лақтырып, сосын пневматикалық винтовкамен ату.
Ойынның барлық этаптарында балалар өздерінің бірліктерін, ұжымдастығын, көмекке келе білулерін, төзімділіктерін, тәртіптерін көрсете білді.
Одан сон мектепте афган соғысынан видеохроника көрсетілді, ән айтылды.
«Қарабалық» шекара комендатурасының орынбасары майор Базарбаев Ержан Маратұлы әскери – патриоотық ойын қорытындысын шығарды, курсанттарды құттықтап, жеңімпаздарға грамоталар мен мадақтамалар табыс етті.
Қиын да қызықты ойын соңында жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын Станционный ОМ командасында, екінші орын Боскөл ОМ, үшінші орын № 2 Қарабалық ОМ командасында.
Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Қарабалық» шекарашы комендатурасына бірлесіп өткізген іс –шара ға алғыс білдіреді және біздің отанымыздың болашақ патриоттарын тәрбиелеуге үлестерін қосады деп үміттенеді.
Іс –шараның өткізілуіне мектеп ұжымы мен мектеп директоры Обухова Татьяна Михайловна , ұйымдастырушылар Пимкин Иван мен Скачкова Светлананың еңбегі зор.
Ауылда мектеп –білім мекемесі ғана емес, ауыл өмірінің дамуының маңызды факторы. Мектеп жақсы болса, ауыл да, отанымыз да жақсы болады.
Егер балалар осы іс – шаралардан өзіне бір пайда алса, біз үшін үлкен марапат болмақ.
Мақала аудандық «Айна» газетінің 2018 жылғы 15 ақпанындағы номерінде жарық көреді
Қазақстан Респубикасына қызмет етемін!
- Курсант Хусаинов Әлішер!
- Мен!
- Қатардан шық!
- Ия!
- Тіркеу куәлігін қабыл ал!
- Иә!
Қатардан жәй қатардағы бала шығады, бірақ ол басқаларынан өзгешелеу. Несімен? Бет жүзінде қобалжу, ерні қысыңқы, іштей жинақ – бір минуттан соң ол кез келген бозбала өміріндегі маңызды құжат – тіркеу куәлігін қолына алады. Қолындағы жай ғана құжат емес.
Мұртсыз бозбала қолында отанымыздың кәуіпсіздігі, барлық қазақстандықтардың өмірі. Оған жақында барлық ер жігіттердің міндеттері біздің Ата заңымыздың 36 бабын жүзеге асыру жүктелгелі отыр. Тіркеу құжаттарын афган соғысының ардагерлері, шекарашылар табыс кетті. Бұл бүкіл өмірге қалған естелік болды.
Афған соғысының ардагері Сеитов Ерік әскерге шақырылушыларды тіркеу құжаттарын алуымен құттықтап, балаларды мектеп табалдырығынан Отан алдындағы әскери борышын орындауға шақырды.
Қостанай облысы Қарабалық ауданының М.Сералин атындағы орта мектепте спартакиаданың салатанатты ашылуына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарлмасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген іс – шара барысында әскерге шақырушыларға тіркеу құжаттарын табыс етті.
Қарабалық ауданының 14 әскери – патриоттық ұйымдардың 56 курсанты 2018 жылдың 16 ақпаны күні аудандық спартакиадаға қатысты. Сонымен қатар спартакиадада афган соғысының ардагерлері, «Қарабалық» 2031 комендатурасының әскери бөлімінің шекарашылары, АӘД ұйымдастырушы – оқытушылары, БАҚ өкілдері, мектеп ұжымы, барлығы 100 астам адам қатысты.
Пневматикалық винтовкадан ату,ОЗК кию, АК – 74 құру және бұзу, 8 кг зілтемір көтеру, шаңғы биатлоны сияқты ауыр жаттығуларды нақты және бірлесіп жасады. Келесі этапта оқушылар медициналық көмек көрсету жолдарын көрсетті.
Спартакиада афған ардагерлеіне де, бізге де Қазақстанның жас із басар азаматтары өсіп келе жатқанын көрсетті. Жас әскершілер мұны жақсы түсінеді , олар нағыз отан қорғаушылар болуға тырысады. Спартакиада өткізу дәстүрге айналған. Іс – шара барысында жастар шеберліктерін, шыдамдылығын шыңдайды.
Басқа сайыстар секілді бұл ойынның да жеңімпаздары бар. Командалык есепте «Бүркіт» Станционной ОМ, Есенкөл ОМ курсанттары екінші орын, №2 Қарабалық ОМ үшінші орынды бөлісті.
Ержан Базарбаевтың айтуынша,осындай іс – шаралар әскер – патриоттық сананы қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ол балалардың жоғары мәдениетті,іскер және ұйымдастырушылық сапаларын қалыптастырады.
Станционный ОМ әскери – патриоттық ұйымының командирі Александр Гаврилов «Бізге осындай іс – шаралар өте ұнайды. Оған қызыға қатысамыз, мен иығымда офицерлік жұлдыздын жарқырап тұрғанын қалаймын. Осындай іс- шаралар біздің болашақта әскери оқу орындарына түсуімізге септігін тигізеді» дейді
Бұл ұл – қыздар туған жерінің намысын қорғай да қолдай алатын болады. Жас жеткіншектерді өз елінің, жерінің азаматтары етіп қалай тәрбиелеуге болады? Жауабы- сөзбен емес, ісімен, өзін үлгі етіп көрсете білу керек.
Білім бөлімі афған соғысының ардагерлеріне, 80 жылдары өздерінің өмірі мен тағдырымен афған балаларына өмір силаған жандарға үлкен алғыстарын білдіреді.
«Қарабалық» әскери комендатурасына жас ұрпақты тәрбиелеудің қаншалықты маңызды екенін түсініп, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді. Отан неден басталады? Біздерден Қостанай облысы, шекаралас Қарабалық ауданы
тұрғындарынан басталады.
Мақала аудандық «Айна» газетінде 2018 жылдың 22 ақпанында №88 жарыққа шықты
Кеңес Одағының және Батыстың қырғи-қабақ соғысы рухында қарсы тұру барысында сол жылдардың өзінде оқушылардың әскери-патриоттық жоспардағы тәрбие жұмысы қарқынды жүргізілді.
Балалардың ұнатқан нысандарының бірі ойын болды, атап айтқанда осы күндері де өзінің мәнін жоғалтпаған «Зарница» ойыны.
Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілікті, Отанды қорғауға даярлықтарын тәрбиелеу мақсатында «Қарабалық» комендатурасы және Надеждин НМ базасында 2018 жылғы 24 ақпанда «Зарница» аудандық әскери-спорттық ойыны өткізілді, онда ауданның алты негізгі мектебінің командалары қатысты.
«Зарница» дәстүрлі түрде, барлық іс-шаралар сияқты «Қарабалық» комендатурасының плацында жалпы сапқа тұрудан басталды. Одан әрі қарай балаларға қызметтік-әскери қызметпен танысу мақсатында экскурсия ұсынылды. Ұлдар және қыздар әскреи бронетранспортерды, әскери техникаға араналған бокстарды, шекараны күзетуге шығу кезінде қаруды тазартатын орынды көрді. Лейтенанттар Бауыржан және Берік балаларға арнап комендатурада интерактивтік алаңдардың жұмысын ұйымдастырды.
Одан әрі –Надеждин мектебінің кішкентай қонақтарымен мазмұнды шағын концерт болды.
Үлкен командалар майор Ержан Базарбаевқа дайындық туралы бұйрық және тапсырмалар алды. Осы жерде барлықтарының алдына жауынгерлік міндет қойылды, ойынның ережелері және төрешінің шарттары айтылды. Командалар тапсырмаларды орындауға бағыт парағын қолдана отырып алға жылжыды.
Әр команда белгіленген бағытқа сәйкес әр кезеңнің тапсырмаларын нақты орындап жылжыды: минасыздандыру, қару-жарақпен жәшікті жеткізу, нысаналар бойынша ату, ұрыс алаңындағы қозғалыс, гранаталармен ату нүктелерін басып алу. Кейбір міндеттер әр қайсысына жеке қойылды, басқалар команданың барлық мүшелерінің қатысуын талап етті. Бұл көбісіне бірінші рет болды: қысқы тактикалық алаң, аяз.
Және қызу қанды, шаршаған, бірақ риза балалар. Жақсы нәтиже көрсетпегендердің өздері де қуаныштан жүздері бал-бұл жанып тұрды. Мұндай сезімді бастан кешу керек!
Ойын аяқталғаннан кейін тонып қалған біздерді дәмді түскі аспен, ыстық шай және ойын нәтижесі күтіп тұрды.
Түскі астан кейін шағын мектеп мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, мұражайда балалар мектеп, ауыл, щебень зауытының тарихымен танысты.
Ұсынылған экспонаттар балалармен және педагогтармен ауыл тұрғындарымен бірігіп жиналған.
Тек қана қатысушылардың ойыннан ойынға шеберлігі тіркелмеді, сондай-ақ іс-шараларды ұйымдастырушылардың ойындары. «Зарница» адамның тұлғалық қасиеттеріне, кәсібилігіне, қызығушылығына байланысты екенін дәлелдеді.
Білім бөлімі надеждин НМ директоры Амангельды Ансаганович Нуркинге және мектептің барлық ұжымына және ойынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс білдіреді.
Осы іс-шараны өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дутбаев Қайрат үлкен толқуда және өте қуанышты.
Бізбен түсіністікпен ынтымақтастық байланыста болған комендант майор Артур Оспанбаевқа, кәсібиліктері, көңіл бөлгендері үшін комендант орынбасары майор Ержан Базарбаевқа, лейтенант Бауыржан Сарсенбаевқа және Берик Упбаевқа ерекше алғысымызды білдіреміз.
Бұл кездесу балалардың ұзақ уақыт естерінде қалады: жаңа таныстықтар, ортақ қызығушылықтар, достықтар. Ең бастысы –бұл өзінді керек адам ретінде, Отанының азаматы деп сезіну.
Мақала аудандық «Айна» газетінің 2018 жылғы01 наурызындағы №89 басылымында жарық көреді.