Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Диета дружбы
Новые шаблоны для джумла

Main Menu

  • Не проходи мимо KAZ
  • Открытое правительство (kaz)
Ғылыми - практикалық конференция өткізу туралы ақпараты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылдың 25 қазанында Балалар өнер мектебінде Қарабалық ауданының 90 жылдығына арналған «Қарабалық - Туған Елім, тұғырым» атты 280 адам қатысқан ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Аудан әкімі Өтегенов Нұржан Қайыржанұлы конференцияның модераторы болды.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы орынбасары ІV шақырылған Парламенті Мәжілісінің экс депутаты - ғылыми-практикалық конференция жұмысына Валерий Георгиевич Вишниченко, Қостанай облысының құрметті азаматшасы Вера Григорьевна Семёнова,Қарабалық ауданы аудандық комитінің бірінші хатшысы 1985-1995 жылындағы Күлтай Әшімқызы Демисенова, аудандық мәлихат хатшысы Аманғали Тұнышбайұлы Төлебаев қатысты

 Конференцияда ауданды дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін адамдарды марапатталды.Қарабалық ауданының тұрғындарының ғылыми-практикалық конференцияның корреспонденттік бөлігі шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жинағын ұсынды.

Жинақтың материалдары егде жастағы адамдарға да, Қарабалық жерінде тұратын және жұмыс жасайтын жастарға да қызықты болады.

19 қазан 2018 жылы 5-8 сынып оқушылары арасында биология бойынша облыстық жасөспірімдердің олимпиадасы өтті. Қарабалық ауданының төрт оқушысы олимпиадаға қатысып нәтижесінде, М.Горький атындағы Қарабалық орта мектебінің 6 сынып оқушысы Хасенов Карина  2 орынды иеленді (мұғалімі Е.М. Ахметов)  , М.Сералин атындағы орта мектептің 5-ші сынып оқушысы Бақытжанова Әйгерім 3 орын алды (мұғалімі Шинуар Сетер).

Қарабалық ауданының 90-жылдығына арналған, спорттық іс-шаралары

Қарабалық ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында және  ұлттық спортты дәріптеуді арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  2018 жылы 8 қарашада Қарабалық ауданының  білім бөлімінің ұйымдастыру негізінде Қарабалық. М. Горький атындағы №1 ОМ базасында ұлттық ойыны тоғыз құмалақ турнирі өткізілді.

Жарысқа 2002 жылы туған оқушылар және одан да кіші 11 білім беру ұйымдарынан және Балалар өнер үйінен бір команда тәрбиеленушілері қатысты.

Турнир ережесі бойынша команда құрамына: 2 адам (1бозбала +1қызбала)

Жасөспірімдер  арасындағы жекпе-жекте ұзақ және күрделі күресте (Қарабалық   М. Горький атындағы ОМ) Бахтияр Майдангали 1 орын иеленді, (Қарабалық  А. Кунанбаев атындағы ОМ) Сергей Грицай - 2орын иеленді ,  (Қарабалық М. Сералин атындағы ОМ) Ерсайн Сулейменов -3 орын иеленді. Қыздар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:  Амина Тыштыкбаева (Қарабалық  А. Кунанбаеватындағы ОМ) 1-орынды, Диана Хасанова ( Победа ОМ )-2 орынды, Дарига Агдаулетова (Қарабалық М. Сералин атындағыОМ) -3 орынды иеленді.

Жалпы командалық жарыста   Қарабалық  А Құнанбаев орта мектебінің оқушылары  жарыста көшбасшылық жасады, Қарабылық М.Сералин ОМ және Победа бастауыш мектебі оқушылары үшін  2 орын және 3 орынды  командасы болды.

Құттықтаймыз!  

Қарабалық ауданының қазақ тілі пәні мұғалімдерінің аудандық пән олимпиадасының қортындысы

Қатысушыларының ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру, білім беру жүйесінде мұғалімнің мәртебесін арттыру мақсатында білім бөлімі мәдениет және тілдер бөлімімен бірлесе отырып дәстүрлі аудандық қазақ тілі мұғалімдерінің пән олимпиадасын өткізді.

Тәжірибелі мұғалім М.Сералин атындағы орта мектептің қазақ тілі мұғалімі  Абдрахманова  Майра Ахметбекқызы, Қарабалық ауданының тілдер орталығының директоры Ержанова Алтын Мұхамедқалиқызы, мәдениет және тілдер бөлімінің маманы мұғалімдердің жұмысын бағалап, әділ бағаларын берді. Олимпиада барысында өзін-өзі таныстыру, берілген үш тақырыпқа эссе жазу, жұмыс жүйесін көрсету сияқты тапсырмалар орындады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орынды – Рамазанова Салтанат Қинаевна - Тоғызақ ОМ, 2 орынды – Кушкумбаева А.А.-  № 2 Қарабалық ОМ, 3 орынды -  Айкадамова Г.Х. – Примағнай НМ, жүлделі бас орынды Михайловка  орта мектебінің мұғалімі Аубакирова Айгерім Нұрланқызы жеңіп алды.

Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Page 10 of 21

  • https://termincom.kz/
  • https://tilqazyna.kz
  • https://qujat.kz/
  • https://atau.kz/
  • http://emle.kz/
  • https://sozdikqor.kz/
  • http://tilalemi.kz/
  • https://tilmedia.kz/
  • ҚазЛатын - Латын графикасына негізделген конвертер
  • QazLatyn iOs
  • https://tilqural.kz/ru
  • https://www.qazlatyn.kz/converter/text