Қостанай қаласында 2019 жылдың 21-нен 22 ақпан аралығында, 53-ші облыстық жас музыканттар білім-фестиваль сайысы өтті, "Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сералы Қожамқұлов атындағы «Балалар өнер мектебі» ММ халық аспаптарында орындаушылары бойынша іс-шараға, барлық жас топтары мен әр түрлі мамандықтары қатысты.
1) Егор Минаев кіші жас тобы гитара оқытушы Р. В .Реймер.;
2) Самира Шайхисламова орта жас тобы домбыра оқытушы К. А. Абилов.;
3) Ульяна Кравченко аккордеон орта жас тобы оқытушы С. Д. Лысоченко.;
4) Матвей Зелениченко үлкен жас тобы балалайка; оқытушы В. Ю. Малков, концертмейстер: С. В.Крывенькая
5)Орыс халық аспаптар оркестрі жетекшісі С. Д.Лысоченко
Байқаудың қорытындысы бойынша Матвей Зелениченко мен орыс халық аспаптар оркестрі І-орынды иеленді, олар 2019 жылдың наурыз айында Алматы қаласында өткен Республикалық алдағы байқауға арналған жолдама болып табылады.
Ауғанстан - ғасырлар бойы ең қуатты әлемдік державалардың мүдделеріне тап болған қан мен отпен құйылған көп рақымды жер. Кеңес Одағы қатысқан Ауғанстандағы жарияланбаған соғыс 10 жыл бойы созылды. Мәселен, осылайжоқ әлде олай емес пе – саясаткерлер талқыласын. Ал Ауған соғысы ардагерлерінің өздерін - олар адал және лайықты өз борыштарын солдаттық қатал және қасиетті орындады.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай 2019 жылы 13 ақпанда Ново - Троицк орта мектебінде «Салам, бача!» шараға Ауған соғысының 17 жауынгері, мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары, қаза тапқан балалардың туыстары мен жақындары қатысты.
«Rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamalyq maqalasynyń «Qazaq tiliniń latyn álipbıine kóshýi» jobasyn ilgeriletý maqsatynda 2025 jylǵa deıin qazaq álipbıin latyn grafıkasyna kezeń – kezeńmen kóshirý jónindegi is - sharalar josparynyń jobasyna sáıkes 2019 jylǵy 21 aqpanda bilim berý bóliminiń janynan qurylǵan jumys tobynyń otyrysy ótti. Buǵan deıin jumys toby pedagogtarmen, bilim alýshylarmen jáne ata - analarmen jumys josparyn ázirledi.
Búgin jumys tobynyń músheleri latyn álipbıin qoldaný arqyly sabaq, synyp saǵattaryn, is - sharalar jınaqtaryn shyǵarý boıynsha mobıldik toptardyń quramyn anyqtady, qazaq tili men ádebıeti muǵalimderine arnalǵan aýdandyq semınardy ótkizýge daıyndyq josparyn jáne Latyn álipbıi boıynsha oblystyq dıktant jazý josparyn anyqtady
2019 жылы 31 Қаңтарда Тоғызақ орта мектебінің базасында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 30 жылдығына және Ленинград қоршауының алынуының 75 жылдығына арналған «Сұнқар» әскери – спорттық ойыны өткізілді.
Іс - шараға аудан мектептерінің 13 әскери - патриоттық бірлестіктерінің курсанттары, Ауған соғысының ардагері Сергей Шевченко және Шекара қызметінің офицерлері қатысты. Іс – шара салтанатты ашылудан, қонақтардың сәлемдесуінен, Ауған-батыр туралы бейнефильм көруден, мейірімділік пен бейбітшілік алауының жағылуынан басталды.