Математика және физика пәні мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында 2019 жылдың 26 наурызында 2018 - 2019 оқу жылының 1-3-ші тоқсанында оқушылардың білім сапасы бақылауға алынды және оқушылардың математика және физика саласындағы білім сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар анықталды.
Бөрлі орта мектебінің математика пәні мұғалімдері А. А. Оспанова, И. А. Харивой және Н.А. Повстюк «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың математикалық және физикалық сауаттылығын, сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыбы бойынша педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында жұмыс тәжірибелерін жинақтады.
Математика сабағында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша оқушылармен жұмыстың инновациялық формаларымен Новостройка орта мектептің математика мұғалімі Д. Х. Ысмағилов бөлісті.
Балалар шығармашылық үйінің «Қарлығаш» хореографиялық тобы қосымша білім беру педагогы Л. С. Смирнованың жетекшілігімен және балалар өнер мектебінің "Ручеек" хореографиялық тобы педагог Л. С. Пинженинаның жетекшілігімен 2019 жылы 15 наурызда Қостанай қаласында «Текстильщик» мәдениет үйі базасында өткен «Менің жолым» халықаралық фестиваль-конкурсына қатысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, білім беру мазмұнын жаңарту аясында 2019 жылы 14 наурызда Новострой ОМ базасында тарих пәні мұғалімдеріне «Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде тарих сабағында және сабақтан тыс жұмыста АКТ қолдану»тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Аталған семинар тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың кәсіп таңдауына ықпал ету, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында, олардың мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және талаптарды ескере отырып, кәсіби өзін-өзі анықтау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Саналы Азамат» базалық бағытын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 28 ақпанда Балалар өнер мектебінің базасында кәсіби бағдар беру форумы өткізілді, оған Қарабалық ауданының бітіруші сынып оқушылары мен 4 ұйым өкілдері қатысты.
Түлектердің солтүстік аймақтағы ең мықты оқу орындарының бірі – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетімен танысу мүмкіндігі болды. Кафедраның профессор-оқытушылар мен студенттік құрамы тек қана университет бөлімдері, мамандықтары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оқу орнының, оқытушылар мен студенттердің жетістіктерін көрсетті.