Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Диета дружбы
Новые шаблоны для джумла

Main Menu

  • Не проходи мимо KAZ
  • Открытое правительство (kaz)
Аудандық «Қызмет етуге дайынбыз» далалық жаттығу оқулары

2019 жылдың 18 - 19 мамыры күндері «Аят» шекара бекеті мен  Есенкөл орта мектебінде аудандық «Қызмет етуге дайынбыз» далалық жаттығу оқулары өтті, бұған ауданның он үш мектептерінің «Жас Сарбаз» әскери – патриоттық бірлестігінің 55 жас курсанты қатысты.

Оқу жаттығуының бағдарламасы келесі бөлімдерден: бекетте ашылу салтанаты, саптық байқау, ескерткішке тағзым ету, дала жаттығуларынан құралды.

Қазақстандық ағылшын тілі мұғалімдерінің байқауы

2018-2019 оқу жылының басынан Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі және білім беруді дамыту Қорының қолдауымен «Express Publishing» баспасы мен «EDU Stream» білім беру орталығы ұйымдастырған қазақстандық ағылшын тілі мұғалімдерінің байқауы бастау алған болатын. Байқауға республикамыздың әр тарапынан аталған номинация бойынша 300 – ге жуық мұғалім қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең 2018 жылдың қазан айынан басталды, бұл кезеңде «ExpressPublishing»,  оқулығын қолдану арқылы сабақтың конспект жоспарын құру қажет болатұғын, ал екінші кезеңде - жоспарға сай сабақ кезеңінен бейне материал түсіру керек болатын, үшінші кезеңде – оқулық материалы бойынша құрылған рөлдік ойын бейне баяны қажет еді.

Марапаттау рәсімі осы жылдың 28 наурыз күні Қазақстан астанасында өтті.Марапаттау алдында ExcelжәнеSmilies оқулықтарының авторы британиялық Дженни Дули қатысқан конференция болып өтті.

Марапаттау үш номинация бойынша өтті, «Заманауи оқулық. Заманауи мұғалім. Заманауи сабақ» номинациясы бойынша «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі А.Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебі» ММ ағылшын тілі мұғалімі Болтушенко Дмитрий Сергеевич  3 дәрежелі ҚР білім және ғылым вице –министрінің қолы қойылған дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Оқушы жетістігі - ұстаз абыройы.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушының ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін көрсету, оны дамыту, жарыққа шығару. Мектеп атын оқушының саны емес, дарынды оқушының даңқы шығарады.

Ұстаз еңбегі шәкірт жетістігі арқылы көрінеді дегендей. Өткен аптада Қостанай қаласында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығында  Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6 – 11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану» халықаралық білім байқауын өткізілді. Бұл конкурсқа Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Калисенова Карина қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Байқау ережесіне сай бірінші кезеңде қатысушыларға Қожа Ахмет Ясауидің 40 хикметін жатқа айту талабы қойылды. Ал екінші кезеңде  оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, шығармашылығы, кесенесі және еліміздің тарихи тұлғалары туралы жалпы сұрақтарға жауап берілді.  Осы конкурста Карина өз білім деңгейін жоғары дәрежеде көрсете біліп, облыс бойынша 2 орынға ие болды. Қараша айында Түркістан қаласында өткізілетін Республикалық кезеңге қатысады. Карина, келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын! Алда талай асу, белестерді бағындыра бер!

     Осындай білім көшін жылжытып келе жатқан Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Майра Ахметбекқызына алғысымыз шексіз. Еңбегіңіз жанып, шәкірттеріңіз білім шыңынан көріне берісн демекпіз.

     2019 жылдың 19 сәуірінде Бөрлі орта мектебінде «Физика сабақтарында жаңартылған мазмұнды бағдарлама аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбымен физика мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Мемлекеттік тілде оқытылатын 8-сыныпта Оспанова Алия Ахметбековна «Сфералық айналар» тақырыбымен сабақ өткізді. Сутеева Айгүл Азирхановна «Энергияны айналдыру мен сақтау заңы» тақырыбымен үштілділік элементтерін қолданада отырып, сабақ көрсетті. Қатысушылар сабақтардың өткізілуіне  жоғары баға берді. Заманауи физика сабағы-қоршаған орта жөніндегі білімдерін қалыптастырудың негізі.

Page 1 of 20